Хабар телеарнасы

Сайлау 2023: халық белсенділігі

Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшыларының айтуынша, халықтың басым бөлігі саяси жаңалықтарды бақылап отыр. Әлеуметтік желілердегі сауалнамаға Алматы мен Шығыс Қазақстанның азаматтары «сайлауға барамын» деген нұсқаны таңдап, белсенділік танытыпты. Ал 31%  өз таңдауын жасауға құлықсыз екен. Біз де халықтың сайлауға деген көзқарасын байқап көрген едік. 

- Қандай мәселелерге мән берілсе дейсіз?


- Әділеттілік болса Қазақстанда. Пара алу болмаса.

- Мүгедек арбада жүретін адамдарға көмектессе, сосын жағдайы жоқ немесе анасы жоқ, әкесі жоқ немесе тұл жетім адамдарға көмектессе деп ойлаймын өз басым.

-Жастарды көтеру керек қой.

- Азық-түлікке көңіл бөлсе жақсы болар еді.

-Ауылды жерлерге көңіл бөлсе жақсы болар еді. Ауылда әлі күнге дейін жол мәселесі бар. Жарық мәселесі бар.