19 наурызда сайлаушыларға 5 бюллетень беріледі
Тұрғындар шатаспас үшін бюллетендердің түсі әртүрлі болмақ. Семейде өткен көшпелі семинарда өңірдің түкпір-түкпірінен келген аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне заңнамадағы өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. «Сайлауды байқаушылар мен журналистерді тіркеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілген. Дауыс берушілер бюллетендерді қалай қолдануды да жақсы білгені ләзім»,— дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшелері.
Әйгерім Тәжиева, Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бөлім меңгерушісі:
-Мәжіліс бойынша 2 бюллетень, мәслихат бойынша 3 бюллетень. Бес түсті болады. Сайлаушылармен қатар сайлау комиссиясы мүшелеріне ыңғайлы болып есептеледі.