«Байтақ» жасылдар партиясы үгіт-насихат жұмыстарының онкүндігін қорытындылады
Қазіргі күнге дейін ел бойынша халықпен 3 250 кездесу ұйымдастырлыған. Оларға 15 мыңнан астам сайлаушы қатысты. Республикалық маңызы бар қалалар мен барлық аймақтағы өңірлік штабтар кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Іс-шараларға білікті мамандар мен халықтың санына қарай волонтерлер тартылған. «Үгіт-насихат материалдары толық жеткізілген. Жұмыстар заң шеңберінде жүзеге асырылып жатыр», — дейді штаб басшылығы. Айта кетейік, саяси құрылым партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына 18 кандидат ұсынып отыр. Бір мандаттық округ бойынша 3 үміткер бақ сынайды. Ал мәслихаттар сайлауына 176 кандидат тіркелген.
Қайрат Айтбай, «Байтақ» жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы:
-Арамызда көп уақыт қалған жоқ. Сол уақыттың арасында біз үлгеруіміз керек. Қамтылмаған халық арасында, жастар арасында бағдарламамызды көрсете отыра біз мүмкіндігінше үгіт-насихат жұмысының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде әр топтың сайлаушыларымен кездесуді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Сол нәтижеге жетеміз деген ниеттеміз.