ҚХП штабы Өскеменде тау-кен металлургия кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесті
Сала аймақтың экономикалық дамуының негізгі драйвері саналады. Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев кеншілердің тілегін тыңдап, сайлауалды тұғырнаманың негізгі тұстарын айтып берді. Сондай-ақ үгіт-насихат тобының мүшелері Ішкі істер министрлігінің жергілікті ауруханасына барды. Мекемеде облыстағы құзырлы органдардың 5 мыңнан астам қызметкері ем қабылдайды. Сапар аясында кандидаттар жергілікті су электр станциясында да болды. Кәсіпорын өндірілген энергияны республикалық желілерге жібереді. Штаб мүшелері мекеменің техникалық жай-күйін өз көздерімен көріп, жұмысшылармен тілдесті.
Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Төрағасы:
– Шығыс Қазақстан облысында үлкен еңбек ұжымдарымен кездесу өткізудеміз. Жалпы осы өңірдегі қызметкерлердің еңбек жағдаймен танысып, оларды алаңдатқан түрлі сұрақтар бойынша пікір алмастық. 2 күн ішінде 7-8 мекемеде болдық.