Павлодар тұрғындарына сайлау ережелері түсіндірілді
Тренинг түрінде ұйымдастырылған семинар-кеңесте саяси науқанның ерекшелігі туралы айтылды. Өйткені сайлаушылар алғаш рет 5 бюллетень алады. Оның екеуі Мәжіліске, екеуі облыстық мәслихатқа және қалалар мен аудандар бойынша бір кандидат таңдалуы тиіс. Павлодар облысы бойынша Парламент Мәжілісіне – 12, облыстық мәслихатқа – 53 кандидат тіркелген. Ал сайлаушылар саны 512 мың 200 адам.
Гүлнәр Аманжолова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- 23-ші сайлау округі бойынша бізде 6 саяси партия облыстық мәслихатқа, Мәжіліске 7 саяси партиядан өздерінің тізімін ұсынып отыр. Бірақ оларды Орталық сайлау комиссиясы тіркеді. Павлодар облысында наурыздың 19-да 523 сайлау учаскесі жұмыс істейді.