Respublica партиясы Қостанай өңірінде үгіт-насихат науқанын жалғастырып жатыр
Партия өкілдері қаладағы орталық штабта атқырылған жұмыстардың қортындысын шығарып, алдағы жоспарларын бір нақтылап алды. Ал келесі аялдама еліміздегі ірі кондитерлік фабрикалардың бірі болды. Мұнда өздерінің негізгі тұғырнамасын таныстырып, сайлаудың маңызы жайында сөз қозғады. Ал фабрика қызметкерлері кәмпит өндірісінде жаңа техникалар мен заманауи әдістердің күннен күнге дамып жатқанын алға тартады. Сондай-ақ кездесу барысында партия өкілдері гендерлік теңдік мәселесін көтерді. Айтуларынша бүгінгі заманда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыр түсу маңызды.