ҚХП спорт және бизнес ұжымымен кездесті
800-ден астам кездесу. Бұл — Қазақстан халық партиясының осы уақытқа дейін өткізген сайлауалды іс-шараларының есебі. Бір ғана Алматыда кандидаттар 10 мың адаммен кездескен. Кезекті үгіт-насихат мегаполистегі спорт кешенінде ұйымдастырды. Жиынға хоккей, мұзда мәнерлеп сырғанау спортының жаттықтырушылары мен өзге де қызметкерлер қатысты. Партияның тұғырнамасымен танысқан олар қоғамды толғандырған әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарды ортаға салды. Штаб өкілдері сондай-ақ қаладағы сусындар шығаратын кәсіпорын ұжымына барды. Онға жуық өнім түрін әзірлейтін компанияда 250 адам еңбек етеді. Кездесу барысында партиялықтар сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп кәсіпкерлікті дамыту жайында жоспарларымен бөлісті. Еліміз бойынша халық партиясы атынан 66 үміткер мәжіліс депутаттығынан үмітті.
Алуа Кетегенова, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Бұл қаладағы ірі кәсіпорынның бірі. Күнтізбелік жоспар аясында базардағы қарапайым сатушылар, денсаулық сақтау, білім саласындағы азаматтармен де кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар әлеуметтік желіде де партияның бағдарламасын кеңінен насихаттаудамыз.