«AMANAT» партиясының мүшелері Қызылорда облысында болды
Өңірде педагогтарымен, ғалымдарымен, шаруалармен және спортшылар қауымымен бірқатар кездесу өтті. Штаб мүшелері педагогтармен партияның сайлауалды бағдарламасын талқыланды. Ал жиынға қатысушылар кітапханашылардың, зертханашылардың және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысы мәселесін қозғады. Бұдан соң партиялықтар Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұжымымен және облыстағы шаруалармен жүздесті. Ашық әңгіме барысында егін суару, субсидиялау жүйесіндегі мәселелер талқыланды.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Тәртіп болу керек мемлекетте, заң үстемдік құру керек. Ол үшін соған біздің қоғамымыз да дайын болу керек. Ал қоғамды дайындайтын, болашақ ұрпақты дайындайтын ол әрине, ұстаздар. Сондықтан сіздердің бұл жердегі еңбектеріңіз, еңбектеріңізбен қатар жауапкершіліктеріңіз өте зор.