Respublica партиясы Ақтөбе облысына ат басын тіреді
Әуелі ақсақалдармен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ашық диалог форматында өткен басқосуда қоғамдағы біршама түйіткілді тақырыптар талқыланды. Алқалы жиынға келген үлкендер: «Ауыл шаруашылығының әлеуетін жоғарылату керек», – дейді. Оның ішінде тері өңдеу ісіне тереңдеу қажет деген ұсыныстарын айтты. Партия жетекшілері талап-тілектерді ықыласпен тыңдап, өз тәжірбиелерімен бөлісті.
Ал еліміздің батыс өңіріне барған Respublica партиясы Орал қаласының халқымен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту тақырыбын көтерді. Қатысушылар бұл мәселеде онлайн қызметтерге қажеттіліктің көп екенін жеткізді.
Нұрболат Баймұратов, Respublica партиясының БҚО филиалы басшысы:
- Біздің штаб күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын атқарып жатыр. Еліміздің түкпір-түкіпірінен түрлі мәселелерді көтеріп, хабарласып жатқан жұрт көп. Қала халқымен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Жиынға келушілердің саны мыңға жуықтайды.