«AMANAT» партиясының штабы Жамбыл облысына барды
Таразда көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өтті. «Бүгінде әйел өз іскерлігі мен қарым-қабілетінің арқасында барлық салада табысты еңбек етіп жүр. Олардың ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесі де ұшан-теңіз», — деді партия төрағасы Ерлан Қошанов. Бұдан соң, штаб мүшелері Қаратау қаласының жұртшылығымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын талқылады.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
-Біздің көңілімізге бір қуаныш ұялататыны ол халқымыз, сол өңірдің тұрғындарының барлығы мемлекеттік мүдде, елдің тағдыры осы мәселелерді көтереді. Әлемдегі, елдегі болып жатқан өзгерістер ешкімді бей-жай қалдырып отырған жоқ. Халқымызда ынтымақ, бірлік байқалады.