«Ауыл» партиясынан ұсынылған үміткерлер Қарағанды облысына барды
Өңірдегі ұн тарту кешенінде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Қордаланған мәселелерді шешу және саланы дамыту жолдарын талқылады. Сондай-ақ облыс орталығында сайлаушыларымен жүздесіп, бірқатар жиын өткізді. Саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Делегация мүшелері ертең үгіт-насихат жұмыстарын Ұлытау облысында жалғастырмақ. Осы аптада Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына бару жоспарланған.