Хабар телеарнасы

Премьер-министр қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Әлихан Смайылов қалам ұстаған бұрымдылардың кәсіби қызметін жоғары бағалап, тілшілерге жылы лебізін білдірді. Әрі журналистердің Қазақстанның дамуына зор үлес қосып жүргенін атап өтті. Үкімет басшысы барлық әйел қауымына денсаулық, амандық және бақыт тіледі. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі: 
- Барлығыңызды өз атымнан және үкіметтегі барлық ер-азаматтардың атынан келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге деген құрметіміз, ризашылығымыз шексіз! Әйел бір қолымен бесікті тербетеді, бір қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтпайды біздің дана халқымыз!