Respublica өкілдері Павлодар облысының орталығындағы жұртшылықпен кездесті
Respublica партиясының өкілдері де еліміз аймақтарын аралап жүр. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанның мән-маңызы жайында сөз қозғады. Жиын барысында аймақтың тыныс-тіршілігі, тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ қаланың экономикалық даму қарқыны турасында жан-жақты талқыланды. Кездесуге жиналғандардың басым бөлігі жастар болды. Партия өкілдері еліміздің одан әрі дамуы жолында жастардың ерекше орын алатынын атап өтіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылғандықтан, жастар сауалдарын қойып, сарапшылармен пікір алмасты. Әңгімеге арқау болған тағы бір тақырып - ауыл тынысы. Партия өкілдері қала мен ауылдың білім деңгейін салыстырып, білім саласына бірқатар толықтырулар енгізілуі керек деген пікірлерін жеткізді.