ҚХП штабы Ақтаудағы нан және тоқаш өнімдерін шығаратын фабрикада болды
30 жыл бұрын негізі қаланған мекемеде қазір 200-ден астам адам еңбек етеді. Тәулігіне 15 тоннаға дейін өнім шығарылады. Кандидаттар мұндағы өндіріс барысымен танысты. Партия мүшелері жұмысшылармен тілдесіп, тұғырнамасын таныстырды. Олардың әлеуметтік салаға қатысты мәселелері тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері мұнайшылар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және қаладағы белсенді азаматтармен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын дәріптейтін мұндай шаралар Маңғыстау облысы аумағында өткізіліп жатыр.
Алқажан Еділхан, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Өз жұмысымызды Жаңаөзен қаласынан бастадық. Шетпеде болдық. Негізінен ауыл шаруашылық ауданы. Ақкент қаласында болдық. Негізінен бір кездегі үлкен балықшылар мекені. Партияның бағдарламасымен таныстырдық.