«AMANAT» өкілдері жас кәсіпкерлермен кездесті
«AMANAT» партиясының өкілдері шымкенттік сайлаушылармен кездесті. Республикалық сайлауалды штабының мүшелері шаһарды аралап, базарда өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен жүздесті. Партиялықтар тұрғындарды бағдарламасымен таныстырып, түрлі тақырыпта пікір алмасты. Ал шымкенттік жастар тегін кәсіптік білім алу, кәсіпкерлік негіздеріне оқу және өзге де мәселелерді көтерді. Бұған дейін штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесіп, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелерін талқылаған болатын.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Өзгеріс болғаннан кейін ол өзгеріс тек Президент немесе Үкімет, не партия ғана өзгермеу керек. Сіздер де өзгеру керек. Ол өзгеріс деген не? Ол белсенділік болу керек сіздердің бойларыңызда. Сіздер ұмтылу керек беріліп жатқан мүмкіндікке бүгінгі сіздер қол жеткізу үшін өздеріңіз міне. Сіз таксистсіз бе? Сіз одан да басқа тұрақты жұмысқа ұмтылыңыз. Кеше ғана өздеріңіз сияқты жұмыссыз жүрген бір топ жастар келіп отыр. Көрсетіп отыр біз қалай істедік деп, қалай жеттік деп. Осы азаматтарға қарап, осы жастарға қарап сіздер де бой түзеу керек деп ойлаймын.