«Байтақ» жасылдар партиясының өңірлердегі іс-шаралары қыза түсті
Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына бір апта қалды. Саяси ұйымның Қызылорда облыстық штабы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс ошақтарының бірінде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныстырып, түрлі салада қордаланған мәселелер бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. 2016 жылы құрылған серіктестік күріш өңдеумен және сатумен айналысады. Кәсіпорында 160-тан астам адам еңбек етеді. Өндіріс аясында күріш қауызын ұнтақтау мен мал азығын дайындауға қатысты ұсыныстарын бөлісті. Облыстық штаб өкілдері бүгінге дейін аймақтағы барлық 7 ауданды аралап шықты. Жалпы 70-тен астам кездесу ұйымдастырылды. Алдағы күндері Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария аудандары мен Төретам кентінде бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып отыр.