Қазақстан Халық партиясының өкілдері сәулетшілермен жүздесті
Жиын «Алматы бас жоспары» ұйымының кеңсесінде өтті. Мекеме 2009 жылы құрылған. Оның қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлер, бизнес-орталықтар, мәдениет пен спорт нысандары, демалыс орындарының ғимараттарын жобалаумен айналысады. Кандидаттар оларға өз тұғырнамасын түсіндіріп мегаполистің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады. Халық партиясы саяси науқан басталғалы Алматыда 200-ден астам кездесу ұйымдастырған.
Тұрар Рысқұлов, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Алғашқы кездесулеріміз кәсіпкерлермен орын алды. Содан кейін бізде дәрігерлермен, мұғалімдермен және байкерлерменде кездесу болған. Сондай-ақ спорттық марафон өткен болатын ол жерде спортшылардың арасында үгіт-насихат жүргізіп сайлауалды бағдарламамызбен таныстырған болатынбыз.