«AMANAT» партиясы БҚО халқымен жүздесті
Кездесуге кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, педагогтар мен ауыл тұрғындары қатысты. Оралда партиялықтар этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен сайлауалды бағдарламасын талқылады. Мұнан соң штаб мүшелері полипропилен құбырын шығаратын зауытының ұжымымен кездесті. Жиында еңбек адамының статусы мен өндірістердегі қауіпсіздікті мәселелері сөз болды. Өңірге сапар аясында партия мүшелері Бәйтерек ауданының жұртшылығымен де жүздесіп, оларға сайлауалды бағдарламаның мазмұнын таныстырды. Аудан тұрғындары баспана, сумен жабдықтау, білім беру мен медициналық қызметтерге қатысты өз ойларын ортаға салды. Саяси ұйым өкілдері өңір-өңірді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр.