Хабар телеарнасы

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмысы автошеру өткізумен жалғасты

Еліміздің барлық өңірінде ақ түсті автокөліктер легі саяси ұйымның туын алып, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Партия белсенділері саяси науқан уақытында осы шараны дәстүрлі өткізіп отырады. Содан соң Шымкент орталығындағы «Қасірет» мемориалында гүл қоюмен жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, үгіт парақшалары таратылды. Сондай-ақ қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жиналғандарға саяси науқанның мән-маңызы түсіндірілді. Партияның тұғырнамасы толық айтылды. Кандидаттар қойылған сұрақтарға жауап берді.