Хабар телеарнасы

«Байтақ» партиясы бағдарламасына халықтың қалауларын енгізді

«Байтақ» партиясы өз бағдарламасына барлық өңірлерден келген азаматтардың қалауларын енгізеді. Бұл туралы өткен баспасөз конференциясында айтылды. Онда партия өкілдері еліміздің барлық өңірлерінен келген сайлаушылардың тілектерін тыңдады. Сонымен қатар кандидаттар бүкіл үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндап, өңірлердегі кездесулер кезінде халықтың ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ пікірталастарда айтылған қарсыластардың ұсыныстарын назарға алды. Олардың барлығын партияның келесі съезіне шығару жоспарланып отыр.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- Үгіт-насихат жұмыстарын сайлау науқанында жүргіздік. 15 мың арнайы кездесу өтті. 3,5 мың үлкен жиналыстар өтті халықпен. Кездесу. Болашақта осы жақын арада партиямыздың съезі өткен кезде біз жаңағы бағдарламамызды бекітеміз.