Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы байқаушыларының қысқа мерзімді миссиясының басшысы Ирен Хараламбидеспен және Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Рейнхольд Лопаткамен кездесті. Мемлекеттік кеңесші сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер жайында айтты. Миссия басшылығы елімізде қолға алынған реформалардың аясында іске асып жатқан барлық негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациясын ерекше ықыласпен бақылап отырғанын жеткізді.