Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Сонымен төменгі палата депутаттарының мандатына үміткер 7 саяси партияның тізіміне 281 кандидат кірді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті өкілдігін сақтайды. Жалпы барлық партиялық тізімдер бойынша бұл санаттар 38,1% құрайды. Кандидаттардың орташа жасы — 45-тен асады, депутаттыққа кандидат 19 адам 29-ға толмаған, сексені — әйел, 201-і ер адам. Саяси партиялар тізімге 12 этностың өкілін енгізді.