Қоғам пікірі: аралас сайлау жүйесінің тиімділігі көп
Мәжіліс сайлауы ықпалды Парламенттің қалыптасуына жол ашады. Саяси науқан барысы жайлы қоғам пікірі осындай. Себебі 2004 жылдан кейін алғаш рет аралас сайлау жүйесіне қайта көшіп отырмыз. Яғни үміткерлер партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік алды. Демократиялы елдердің көбінде қолданылатын осы сайлау жүйесі тиімді әдістердің бірі саналады. Бұл заң шығарушы биліктің жұмысын ширатып, ел экономикасының дамуына тікелей септігін тигізеді.
Ақылбек Күрішбаев, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:
-Партияға кірмейтін азаматтар өздерін өздері ұсынып қазір осылай Парламентке келеді. Меніңше енді осы жүйемен келетін болсақ қазір көптеген мықты азаматтарымыз, елден шыққан азаматтарымыз сол Парламентке келетін болады.
Айта кетейік, Алматыда сайлау барысын 20-дан аса шетелдік байқаушы қадағалап отыр. Одан өзге қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен партиялардың белсенділері де бар. Сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша өзін өзі ұсынған кандидаттардың сенімді өкілдері саяси науқанның бел ортасында жүр.