Жалпы ішкі өнімдегі тау-кен металлургия үлесі 8% құрады

  • 10
  • 13.10.2025, 19:51

Қазақстан алтын өндіруде алтыншы, ал оның қоры бойынша 13-ші орында. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің қытайлық Zijin Mining Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэмен кездесуінде сөз болды. Екі тарап инвестициялық ынтымақтастық жайын талқылады. Ақмола облысында тау-кен металлургия саласындағы ірі инвестициялық бірлескен жоба іске асырылмақ. Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсететінін атап өтті. Айта кетсек, жалпы ішкі өнімдегі тау-кен металлургияның үлесі 8%.