Президент депутаттар алдында үндеу жасады
Алға қойған жоспарлар өте көп. Парламенттің жаңа құрамы осы талап үдесінен шығады деп сенемін. Сенатор Нұртөре Жүсіп жиыннан кейін осындай пікір білдірді. Ол Мемлекет басшысының жүргізген реформалары өте жемісті іске асып жатқандығын тілге тиек етті. Енді жаңа Мәжіліс соның сапалы жалғасуын қамтамасыз етуі керек. Бағыттарда айқындалған. Бірінші кезекте әлеуметтік сала. Оның ішінде білім, денсаулық, тұрғын үй, мүгедектігі бар азаматтарға қамқорлық жасау. Инфрақұрылым мәселелері де бар.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Негізгі ұстанылған бағыт жалпы Қазақстанның әлеуетін арттыру, елдің тұрмысын жақсарту, халықтың жағдайын оңалту мәселесіне байланысты болды. Сондықтан да алға қойылып отқан міндеттер өте өзекті, және бұның барлығына біздің Парламенттік корпус бірінші кезекте сапалы заңдарды қабылдауменен тікелей атсалысады деп сенемін.