Хабар телеарнасы

Қазақстан Орталық Азияның ірі транзиттік хабы болмақ

Қазақстан Орталық Азиядағы жерде де, көкте де ең ірі алтын көпір болуы бек мүмкін. Себебі Әлихан Смайылов пен TAV Airports холдингінің президенті Серкан Каптан еліміздің авиация саласы мен көлік-логистикасын қарқынды дамыту мәселесін талқылады. Енді Үкімет алдында Қазақстанды сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейту міндеті тұр. Ал екінші тарап өз кезегінде Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан Алматы әуежайының инфрақұрылымын дамытуға дайын екенін айтты. Оңтүстік Астанадағы жаңа халықаралық әуежай келер жылы іске қосылады. Былтыр атаулы Түрік компаниясының 15 әуежайы 78 млн жолаушыға қызмет көрсеткен.