Дархан Қыдырәлі Әбу-Дабиде өтіп жатқан форумда сөз сөйледі
Толеранттылық, әртүрлілік және экономикалық интеграция. Осы тақырып Әбу-Дабиде өтіп жатқан XII инвестициялық жиынға арқау болды. Қазақстан тарапынан форумға Ақпарат және қоғамдық даму министрі қатысты. Дархан Қыдырәлі Әмірліктерді көпэтносты мәдениетаралық және дінаралық орталық ретінде әлемге паш еткен «толеранттылық жылы» моделі Қазақстанның ұстанымымен үндес екенін айтты. Жиынға қатысқандар қоғамда төзімділік мәдениетінің ілгерілеуіне ықпал етеміз деп сөз байласты. Тиісті меморандумға қол қойылды.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның толеранттылық туралы түсініктері сәйкес келеді. Елімізде жетінші мәрте діндер съезінің өткізілуі, жалпы тәуелсіздік алғалы бері түрлі этностардың бейбіт өмір сүріп жатуы, жақында ғана Президенттің Қазақстан Халқы Ассемблеясында берген тапсырмаларының барлығы да осы форумда айтылған сөздермен сөйкес келеді.