Қазақстандықтардың несие тарихы бірнеше елдің қаржы институттарына беріледі
Себебі Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң мақұлданды. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Одақ елдерінің 2 мыңға жуық азаматы және 42 заңды тұлғасы біздің банктерден 120 млрд теңгеге жуық несие алған. Арасында тіпті төлемей жүргендері де бар. Алайда аталған елдер ішінде несиелік мәліметтермен алмасу тәртібі әлі шешілмеген. Осы орайда аталған құжат бұл саладағы мәселелерді реттеуге ықпал етеді, – дейді сенаторлар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарих қалыптастырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. Сондай-ақ кредиттік тарихты алмасу және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Заң Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.