Сенат ТМД-да жалған тауар белгілерінің жолын кесуге қатысты заңды мақұлдады
Қолдан жасалған бренд өнімдеріне шектеу күшейеді. Сенат тиісті заңды мақұлдады. Яғни құжаттағы келісімде ТМД-ға мүше мемлекеттердің тауарларды дараландыру құралдарын қорғаудың ұлттық жүйесін дамыту көзделген. Жалған тауар белгілеріне тыйым болады. Заң жобасы республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат талап етпейді. Сондай-ақ бүгінде Армения, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдері де осындай мемлекетішілік рәсімдерді қабылдаған.
Қайрат Тастекеев, Қр Парламенті Сенатының депутаты:
- Келісімде жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізудің анықталған фактілері туралы ақпарат алмасу, өнеркәсіптік меншік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар көзделген.