Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі Мемлекет басшысының басты назарында
Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі Мемлекет басшысының басты назарында. Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ішкі энергетикалық әлеуетін дамытып, төл ресурстарға ғана арқа сүйеу абзал екенін айтты. Бұл ретте алдағы 5-6 жылда 14 ГВт қуат көздері іске қосылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ үшінші ГРЭС құрылысына аңдатпа жасай отырып, отандық энергетиканы дамыту стратегиялық міндет екенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Түптеп келгенде Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біздің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл – ең алдымен мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Жалпы қай жағынан алып қарасақ та бұған мүлде жол беруге болмайды.