Тоқаевтың АҚШ-қа іссапары туралы сарапшылар пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарына қатысты сарапшылар пікір білдіруде. Қоғамдық даму институтының сарапшысы Риззат Елубаев Мемлекет басшылары БҰҰ-ның жалпы сессиясы да, одан тыс жеке форматтағы жиындар болсын, кездесу өткізетін қолайлы орта екенін айтады. Саясаттанушы әлем назар аударып отырған басқосу – Орталық Азия және АҚШ Мемлекет басшыларының саммиті екенін атап өтті.
Риззат Елубаев, саясаттанушы:
- Бұл формат Орта Азия мемлекеттеріне бірыңғай Орта Азияның күн тәртібін жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің географиялық аумағымызда болып жатқан шиеленіске байланысты АҚШ-тың жеке позициясына қатысты және де сіздер білесіздер, соңғы уақытта санкцияларды айналып өтуге көмектесу деген сияқты күн тәртібінде тұрған мәселелерде көзбе-көз позицияларды нақтылап алып, қандай ортақ нүктелер бар екенін және де бұл мәселені қалай шешуге болатындығын осы саммит аясныда міндетті түрде талқыланатын болады.