Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады

Мемлекет басшысы Siemens AG компаниясының басқарма төрағасы Роланд Бушты қабылдады

Келіссөз барысында өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және цифрландыру салаларындағы өзара ықпалдастықтың мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.

Siemens AG компаниясы – көлік, энергетика, медицина құрал-жабдықтары, электр және жарық техникасы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласында арнаулы қызмет көрсететін Германия және Еуропа Одағы аумағындағы ірі индустриялық конгломерат.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нарығына алғаш келген неміс компанияларының бірі – Siemens еліміздің технологиялық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Siemens AG компаниясымен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін айтты.  

Кездесуде диалогты жалғастыру және инновациялық дамуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру маңызды екені атап өтілді.