Әкімдер сайлауы: 249 адам тіркелді
Жуырда облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарда өтетін әкімдер сайлауына 250-ге жуық кандидат тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы бүгін осындай мәлімет келтірді. Үміткерлердің орташа жасы — 47-де. Жартысынан көбі өз-өзін ұсынған. 45 мансапқа, орташа алғанда, 5 адамнан келеді. Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бәсеке бәсі төмен. Ал Абай облысы мен Курчатов қаласында, керісінше, әкім болғысы келетіндер көп. Еске салайық, құжаттарды тіркеу кеше аяқталған. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауы 5 қарашада өтеді.
Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
-Ең жоғары бәсекелестікке келер болсақ, 1 орынға 9 үміткерден келеді. Курчатов қаласында, Абай, Жамбыл, Түркістан, Жетісу облыстарында кандидаттар саны көп. Елде тіркелген 7 саяси партия да әртүрлі өңірлерден өз үміткерлерін ұсынды.