Құрылыс кодексінің жобасы Мәжіліс қарауына жіберіледі
Құрылыс кодексінің жобасы осы жылдың соңына дейін Мәжіліс қарауына жіберіледі. Құжат бүгін кезекті рет пысықтаудан өткізілді. Сәулетшілер, құрылыс компаниялары, кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан жобаны әзірлеу кезінде 500-ден астам ұсыныс түсіпті. Қазірдің өзінде сала қызметін реттейтін 2,5 мың құжат бар екен. Бірақ оның мазмұны бүгінгі стандартқа толықтай сай келмейді. Қағазбастылық көп, жемқорлық тыйылмай тұр. Оның үстіне құрылыс метериалдары өзгеріп, Түркия, Еуропа, Қытай өзгеде шетелден жаңа технологиялар келіп жатыр. Яғни заңнама да заманға сай болуы тиіс. Мамандар әсіресе сейсмикалық талапты күшейтуге ниетті. Қазақстанда қазір 3,5 млн халық осындай қауіпті аймақтағы тұрғын үйлерде өмір сүреді. Бұдан былай елімізде нысандар салу жаңа кодекстің ережесімен жүргізіліп, талап қатаңдайды.
Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары:
-Бизнеске көмектесеміз деп құрылыс нормаларына көбірек жеңілдік жасадық қой. Онымен көмектесеміз дегенмен, ол басқаша болып шықты. Құрылыс деген бұл адамдардың өмірінің қауіпсіздігі. Біздер осы кодексті осы жылдың аяғына дейін Мәжіліске кіргізуіміз керек.