Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Сонымен қатар бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Премьер-Министрдің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындалды. Мұрат Нұртілеу Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды. Ғалымжан Қойшыбаев та бұрынғы лауазымын сақтап қалды. Ол Премьер-министрдің орынбасары қызметімен қатар Үкімет Аппаратының басшысы лауазымын қоса атқарады. Тамара Дүйсенова да Премьер-министрдің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды. Серік Жұманғарин де Премьер-министрдің орынбасары жалғастыра бермек.
Мұнымен қатар Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі және Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалып, өз орындарын сақтап қалды.
Әділет министрі Азамат Есқараев та өз орнында.
Ал жаңадан тағайындалғандардың бірі — Мәди Такиев. Ол Қаржы министрі болды.
Бұрынғы қызметін сақтап қалғандардың бірі — Алмасадам Сәтқалиев. Ол Энергетика министрі болып қайта тағайындалды.
Тағы бір жаңа тағайындау Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болды.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров та өз қызметінде қалды.
Ал Төтенше жағдайлар министрі болып Шыңғыс Әрінов тағайындалды.
Сондай-ақ Бағдат Мусин де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды.