Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат ресми сапармен Бейжіңге барды
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы, Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуде тараптар парламентаралық диалогпен қатар, экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласында тәжірибе алмасты. Мәжіліс төрағасы трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне де назар аударды. Екі ел трансшекаралық өзендер суын бөлу туралы екіжақты келісім әзірлеуде. Былтыр қараша айында визасыз режим енгізілгелі өзара сапарлар айтарлықтай артқан.