Хабар телеарнасы

Е. Жамаубаев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетсек, ол соңғы рет Қаржы министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары лауазымында болды. 2020 жылы Қаржы министрі боп тағайындалғанға дейін ол Президент Әкімшілігінде, банк секторында түрлі қызметтерді атқарған.