Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Корея Президентін шығарып салды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан өзі шығарып салды.

Еске сала кетейік, бұл Оңтүстік Корея лидерінің Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары болды. Оның аясында Астана мен Сеул маңызды 11 құжатқа қол қойды.