Хабар телеарнасы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тағы бір елмен толықты

Сонымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы тағы бір елмен толықты. Осылайша 9 мемлекеттің орнына, енді ұйымға 10 ел мүше болып отыр. Атап айтқанда Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь. Ал бақылаушылардың қатарында Ауғанстан мен Моңғолия қала береді. Тағы 14 елмен берік серіктестікті де айта кеткен жөн. Нақтырақ айтсақ, Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Египет, Камбоджа, Қатар, Мальдив аралдары және тағы басқа елдер бар. Олар қазір Шанхай Ынтымақтастық ұйымына диалог бойынша серіктес болып отыр.