Хабар телеарнасы

Мәскеуде ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы өтті

Сауда-экономикалық кооперация, көлік дәліздерін дамыту, сауда айналымын ұлғайту, қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гумантиралық байланыстар мен ғылыми әлеуетті іске асырудағы терең ықпалдастық. ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Мәскеудегі отырысында аталған бағыттарда байланыстар бекемделмек.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның сыртқы саудасының 4-тен бір бөлігі ТМД елдері нарығына тиесілі екеніне тоқталып, кедергілерді жүйелі түрде анықтап, жою мәселесін алға тартты. Президент бастамасымен қолға алынған «Достық жәрмеңкесі» мемлекетаралық бағдарламасының экономикалық байланыстарды нығайтудағы рөлін атап өтті. Қазақ премьері Астана әзірлеген ТМД елдері аумағындағы күре жолдарды ұштастыру тұжырымдамасына тоқталды. Сауда-экономикалық кооперацияны дамытуда көлік дәліздерінің орны ерекше екенін алға тартты.

Айта кету керек, достастық аумағында Қазақстан көлік байланыстарының бел ортасында тұр.