Алматыда шағын футболдан Қазақстан коммунистік партиясының кубогы жолындағы жарыс өтті
Шараның ашылу рәсіміне арнайы келген Қазақстан футболының ардагері Вахид Масудов қатысушыларға сәттілік тілеп, допты ойынға өзі қосып берді.
Жарыста Жетісу ауданының командасы бас жүлдені қанжығаларына байласа, Бостандық ауданының футболшылары, күміс жүлдені иеленді. Ал Әуезов ауданынан келген аяқдопшылар, қола медальды қанағат тұтты.
Гүлдана Хасенқызы, ҚХКП Алматы филиалының ардагерлер және мәдени мұра бөлімінің төрайымы:
– Осы 9 айдан бері адамдар пандемия деп үйден шықпай, кішкене шаршаңқырап қалды ғой. Адамның денсаулығын, құрыс-тұрысын жазып, иммунитет көтеру үшін, жастарды кішкене спортқа бейім қылу үшін бүгін өткізіп отырмыз.