Ұлттық құраманың бас бапкерлері ауысты – Қазақстан күрес федерациясы
Елордада Қазақстан күрес федерациясы Атқарушы комитеті бюросының отырысы өтіп, құраманың бас-қасына жаңа мамардан тағайындалды. Атап айтқанда, енді грек-рим күресінен ел намысын қорғайтын жігіттерді Серік Жұмашев жаттықтырады. Ал еркін күресте бас бапкері қызметін Мадияр Құрамысов атқарады. Әйелдер күресінде де ауыс-түйіс бар. Бас бапкер міндеті Серік Алшымбаевқа тапсырылды. Жақында спорттық мансабын аяқталаған балуандар да жұмыссыз қалған жоқ. Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен, ал Дәулет Ниязбеков еркін күрестен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.
АЛҒАШҚЫ МАТЧ БАС БАПКЕРСІЗ ӨТЕДІ
Игита мен Тұрсағұлов құрама сапына қосылады. Қазақстан футбол федерациясы Еуропа чемпионаты алдында ұлттық құрама мүшелеріне қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін бас бапкер және бірқатар ойыншы короновирус жұқтырып, Нидерландыға ұша алмап еді. Енді Игита мен Тұрсағұловтың сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Олар жақында құрлықтық додаға атанады. Ал бас бапкер Рикардо Кака әлі карантинде. Сәйкесінше, алғашқы мачтқа қатыса алмайды. Еуропа чемпионаты аясындағы кездесу бүгін елорда уақытымен 22:30-да басталады. Негізгі команда қазір Гронинген қаласында соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Рикардо Каканы уақытша оның көмекшісі Сергей Коридзе алмастырады. Жарыстың өзі 6 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бұл жолы Словения, Финляндия және Италия құрамаларымен «В» тобында өнер көрсетеді.
БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Ұлттық құраманың формасы қазақша атаумен шығады. Бұндай жағдай ел тарихында алғаш орын алғалы тұр. Бұл жөнінде ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді. Аталмыш элементті өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен рұқсат алынған. Енді жерлестеріміз ана тілімізде жазуы бар формамен жарысқа қатысады. Спорттық киімдердің өзі аптаның аяғына дейін таныстырылады делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандық спотшылар 82 жолдама жеңіп алды. Олар Бейжің олимпиадасында 8 бағыт бойынша сынға түседі. Әсіресе, шаңғы жарысында 30 лицензия бар. Одан кейін конькимен жүгіру, шорт-трек және фристайлдан салыстырмалы түрде көрсеткіштер жақсы. Сонымен қатар ұлттық құрама шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы және шаңғы қоссайысы бойынша да жүлдеге қол созып көреді. Қазақстандық делегация Қытай астанасына 27 қаңдарда чартерлік рейспен жеткізіледі.