Хабар телеарнасы

Қытайдың Чэнду қаласында бүкіләлемдік жазғы универсиада жалғасып жатыр

Қоржынымызда 8 медаль. Оның 4-еуі күміс, 4-еуі қола. Дәл қазір Қытайдың Чэнду қаласында бүкіләлемдік жазғы универсиада жалғасып жатыр. Жерлестеріміз арасынан ең көп медальды сұрмергендер жеңіп алды. Яғни күні кеше Никита Чирюкин жекелей сында екінші орынға тұрақтаса, артынша Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев пен Никита Шахторин үштігі де күміске қол созды. Ал бүгін дәл осы жігіттер тапаншамен нысана көздеу бәсекесіне қатысып, жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Қалған жерлестеріміз енді өнер көрсетеді. Жазғы универсиададада бас-аяғы 11 сұрмергеніміз бағын сынайды. Ал жалпы Қазақстан атынан 90 спортшы 11 спорт түрінде сынға түседі. Бүкіләлемдік студенттер ойындары 3 тамызға дейін жалғасады.