Хабар телеарнасы

Жазғы Азия ойындары басталды

Қос спортшымыз финалға шықты. Қытайдың Хонджоу қаласында Азия ойындары басталды. Алғашқы жарыс күндері бессайыстан қазақстандық Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник сәтті өнер көрсетіп, ақтық сынға жолдама алды. Ал байрақты бәсекенің ресми ашылу салтанаты ертең өтеді. Елорда уақытымен 22:00-де басталады. Артынша алғашқы медаль жиынтықтары да сарапқа салынады. Биылғы бәсекеге 500-ден аса спортшымыз қатысады. Бұл – өзіндік рекорд. Қазақстандық қыз-жігіттердің алғашқы толқыны, Қытайға жетті. Олар орналасқан олимпиадалық қалашықта мемлекеттк ту көтеру рәсімі өтті. Биылғы дүбірлі додада жерлестеріміз, 30 спорт түрінен бақ сынап, медальға қол созып көреді. Хонджоу қаласындағы жарыс 9 қазанға дейін жалғасады.