XIX Азиада: қазақстандықтар рекорд жаңартты
Азиадада Қазақстан спортшылары алғашқы алтын медаль жеңіп алды. Стенд атудан әйелдер құрамасы 350 ұпаймен қарсыластары Қытай, Таиланд спортшыларынан озған. Еліміздің атынан бұл жарысқа Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина қатысты. Осылайша Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының рекордын жаңартты. Ал Әсем де жекелей есепте біздің командаға қола медаль әкелсе, Әділбек Мусин суда жүзуден үшінші орын иеленді. Тағы бір қола жүлдені Аян Тұрсын ушудан жеңіп алды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 10 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте 12-орындамыз. Топ басына алаң иелері — Қытай спортшылары, екінші орында — Оңтүстік Корея.
Олег Почивалов, Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы:
-Біздің қыздар скит жаттығуында Қытай құрамасымен тартыста жарыста жеңіске жеттіп, командалық есепке алтын алды. Соңғы серияға дейін олар екі нысана бойынша басым түсті. Нәтижесі оң болып, қыздарымыз жеңіске жетті. Осылайша Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды. Сол үшін барлығын құттықтаймын. Алға Қазақстан!