XIX Азиада: қоржында 22 медаль бар
Қытайда өтіп жатқан Азиадада Қазақстан құрамасы тағы 2 алтын медаль жеңіп алды. Оқ атудан үздік шыққан 18 жастағы Зухра Ирназарова 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген қарсыластарын басып озды.
Екінші алтынды Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алды. Сонымен қатар қозғалатын нысананы көздеуден де біздің спортшылар үздіктер қатарына кірді. Күміс жүлде иелері Зухра мен Фатима Ирназаровтар, сондай-ақ Александра Сәдуақасова. Ал таэквондодан Жансель Дениз бен Смайл Дүйсебай қола жүлдегер атанды. Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов сапты атпен жаттығуда үшінші орын алды. Сонымен біздің құрама командада 3 алтын, 3 күміс, 16 қола бар. Жалпыкомандалық есепте 11 орындамыз.