Хабар телеарнасы

1 қазанда жыл сайынғы Алматы марафоны өтеді

Алматылықтар мен қала қонақтары жылдың басты спорт мерекесіне тағы да дайындалып жатыр. Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс – Алматы марафоны биыл 1 қазанда өтеді.

Жыл сайын Нью-Йорк, Берлин, Лондон, Токио және басқа да ірі мегаполистерде марафондар өтіп, оған бүкіл әлемнен спортшылар қатысады. Ал Орталық Азиядағы ең ірі марафон дәстүрлі түрде Алматыда өтеді. Оның негізгі демеушісі Kaspikz. Аз уақытта аталмыш спорттық шарада үлкен танымалдылыққа ие болып үлгерген. Жыл сайын Алматы Марафонына онннан астам елдің желаяқтары қатысады. Көпшілігі тіпті Қазақстанға осы үшін арнайы келеді. Алматы марафоны қаланың дәстүрлі бұқаралық шарасына айналған.

БЛИЦ: 

Рамазан Бейбітов, марафоншы: 
- Бұл адамдардың осы спорттық шараға жинау бауырмалдылықты артырады деген ойдамын. Және де бұл денсаулыққа өте пайдалы. Бұл барша халыққа, Алматы тұрғындарына, барша қазақ еліне өте пайдалы деп ойлаймын.

Динара Жандарбекова, марафоншы: 
- Бұл жердегі атмосфераны сезіну деген кез келген адам көру керек деп ойлаймын.

Тәңірберген Шаяхметов, марафоншы: 
- Керемет сезім, әр адам мұны сезініп көруі керек деп ойлаймын.

Ал марафон – баршаға арналған мереке. Оған денсаулығында ерекшеліктері бар адамдар, ауыр сырқатпен күресіп жүрген балалар да қатысады. Кей қала тұрғындары оған отбасымен келеді. Ауқымды спорттық шараның негізгі демеушісі – Kaspikz 7 жыл қатарынан салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтарды қолдауда.

Айта кетейік, марафонға қатысу жарналары қайырымдылыққа жұмсалады. Жоба басталған уақыттан бері балаларды сауықтыру мен спортты қолдауға бағытталған 25 ірі жоба жүзеге асырылған. Биыл да қаражат бірнеше нысанның құрылысына жаратылады.

Дүниежүзіндегі марафондар әдетте қаланың басты көшелерінде өтеді. Өйткені бұл жай ғана спорт емес, үлкен халықтық мереке. Тіпті бірнеше сағатқа жарыс жолындағы көлік қозғалысы да тоқтатылады. Ендеше жексенбі, 1 қазан күні Алматыда болсаңыз сапарларыңызды алдын ала жоспарлағаныңыз дұрыс. Марафон таңғы сағат 7-де жаңа алаңнан басталады.