XIX Азиада: төртінші күміс қоржында
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден ерлер құрамасы күміс жүлде иеленді. Ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай қорғады. Қытай төрінде спортшымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдегер атанды. Ол триатлоннан межені нәбәрі 1 сағат 52 минут 25 секундтан бағындырды. Бірінші, екінші орындар Жапониядан келген спортшыларға бұйырды. Сондай-ақ Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов командалық велоспорттан үшінші орын алды. Бүгін жүзуден әйелдер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты. Ал қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 18 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте 11-орындамыз. Топ басында Қытай спортшылары, екінші орында Оңтүстік Корея, ал үздік Жапондықтар түйіндеп тұр.