Хабар телеарнасы

Алматы марафонына 15 мыңнан астам желаяқ қатысты

Дәстүрлі «Алматы марафоны» 12-ші рет өтті. Орталық Азиядағы ең ауқымды желаяқтар жарысына қатысушылар 10, 21 және 42 шақырымды еңсерді. 50 елдің спортшылары қатысқан марафонға Kaspi бірнеше жыл қатарынан титулдық демеуші болып келеді.

БЛИЦ: 
- Қазақстан Алматы марафонына бірінші рет қатысып жатырмын. Шоң байрам.
- Жарыс тамаша өтуде. Атмосфера болельщиктер мотивацияны жақсы береді.

Алматыдағы Республика алаңына әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы жиналды. Таңғы 7:30-да жарысты ұйымдастырушылар жарыс шымылдығын ашып, қатысушыларға ақ жол тіледі.

Ырыскелді Ибрагимов, марафонға қатысушы:
- Мұндай марафонға, дисциплинаға, уақытқа және мынадай трассада жүгіруім бірінші рет. Алматыда жүгіру оңай емес. Подьем бар, таудың ауасы бар.

Мәреге жеткен әр қатысушы естелік медальға ие болды. Марафоншылардың ең жасы 14 болса, 70 еңсерген тәжірибелі атлеттер де қатысты. Олардың қатарында спорт мерекесінің титулдық демеушісі Kaspi экиден командасы да бар.

Еркебұлан Сағымбаев, Kaspi командасының капитаны:
- Команда өзінің жеке рекордын жаңартты 2,33 минутта 42 шақырымды жүгіріп өтті жігіттер. Осының алдында 2019 жылы 2,36 минутта жүгіріп бірінші орын алғанбыз. 3 минутҚа тез жүгірдік. Өте жақсы дайындық болды.

Парасат Бисенова, марафонға қатысушы:
-Мұндай іс-шараларға қатысып жүргеніме 1,5-2 жылдың көлемі болып қалды. Алдыңғы Шымкент қаласында жеңімпаз атандым. Қазіргі қашықтығым — 10 км.

Биылғы Алматы марафонының жүлде қоры — 8 млн 450 мың теңге. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Ал жарнадан түскен қаражат биыл да қайырымдылыққа жұмсалып, мұқтаж жандарға арналған спорт нысанының құрылысына бағытталады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов