Хабар телеарнасы

Азия Пара ойындары: қоржында 2 алтын бар

Сүйінші хабар! Ел қоржыны бүгін 2 алтын мен 2 күміс және 3 қола медальға толықты. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV жазғы Азия пара ойындарының екінші күніндегі нәтиже осы. Алғашқы алтын медальды пауэрлифтер Давид Дегтярев 187 келіні көтеріп, жеңіп алған. Пара дзюдодан 48 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ақмарал Науатбек те жарады. Ол ақтық сында Қытай спортшысы Ли Личинді жеңіп, чемпион атанды. Бибарыс Спатай пара каноэден екінші орын иеленсе, Жаныл Балтабаева мен Максим Богатырёв қола медаль алған. Ал Тұрсынай Қабыл пауэрлифтингтен күміс медаль жүлдегері атанды. Әнуар Сариев болса, дзюдодан қола медаль иеленді.